Читать онлайн «Тәңір жолында»

Автор Абылайулы Нариман

Тәңір жолында

Нариман Абылайулы

© Нариман Абылайулы, 2021

ISBN 978-5-0053-2138-1

Кто искренне раскаивается, тот Аллахом прощается

Кешірімді бол

Өкпем бар, өкпем бар саған деген

Осылайша жалғыз өкпелейтін адам бе екен?!

Адамдардың бір-біріне таусылмайтын реніштері

Түсінсе ғой, өкінгенмен өзгермейді өмір деген

Кей адамдар таусылып өксігеннен

Жақсыны ойлап алға қадам басса екен

Ұтпайды ғой адам ештеңе күйзелгеннен

Пайдасыз нәрсеге уақытын өткізгеннен

Өкінбе- өткенге, өкпелеме- ешкімге

Адамға да, Аллаға сөз айтып тістенбе

Өкпелесең, егер сен біреуге

Кешіре сал, кешіре сал сол күнде

Мейірімді, рақымды Жаратушы бір Алла

Кешіреді ғой пендесін, кешірім ол сұраса

Жұмағынан қуылған Адам ата пайғамбар

Кешірілген соң, қайтып барды жұмаққа

99 көркем есім тән Тәңірге

Біле берсең сауабы көп білгенге

Әл-Ғафу, Әл-Ғафуру есімдерін біліп жүр

Кешірімді бол, осыны ұста есіңде

12/05/2018

Алланың берген қанаты

Анаңның жоғы білінер

Анасыз бала түсінер

Алланың берген мейірімін

Бағалай сендер біліңдер

Алла сені жаратты

Саған өмір сыйлады

Ата-ана дегенің

Алланың берген қанаты

Разылығын алғың келсе Алланың

Әуелі разылығын ал анаңның

Меккеге үш рет апарсаң да арқалап

Қайтара алмассың жақсылығын анаңның

Анаңды бауырым әрқашанда бағала

Шүкіршілік ет Жаратушы Аллаға

Қос қанатың бар, ей мүмін, ұмытпа

Алладан тіле амандығын қашанда

9/06/2018

Неге үйіме келмейсің?

Күндіз-түні жұмыс істейсің

Ақша табуды көздейсің

Мал-мүлкіні жинаумен

Уақытыңның зымырағанын сезбейсің

Ақша, ақша деуменен

Жұмыс, жұмыс деп жұмыспен

Ата-анаң мен жанұяңды

Ұмытып кетесің-ау кейде сен

Тәулігіне 24 сағат берсем де

Уақытым жоқ деп жүргейсің

5 минуттық намазбен

Үйіме неге келмейсің?

Жаратып едім сені мен

Өмірді сыйлап тағы да

Құран оқып, намазбен

Көрмедім сені бірақта

Мойындағандарың бар ішінде

Жоққа шығарғандар да бар бүгінде

Мойындамай, үйімді айналып өткендер

Тозақтың отына күйесіңдер бәрің де

Қиыншылық түсірсем басыңа

Жеңуге көмектесе аламын мен ғана

Бар жақсылық пен сынақтар

Менің жазуымен болатын ұқтың ба?!

Ақылға кел, санасыз, әй, құлым

Тәубеге кел, қанағатсыз, ей, құлым

Үйіме кел, парызыңды орында

Бұл-Мен, сені жаратқан Алла

4/08/2018

Жүрегіңе адасқанның мөрі орныққан

Өйткені санаң соқыр шындықты ұқпаған

Барлық мүшең- сау болса да, ей адам

Надансың ғой, Құранның бетін ашпаған

Кино көріп, ішіп жеуге уақыт бар

Масайрап таң атқанша қыдыруға қуат бар

Бес минуттық намазбенен Құранға

Уақыт жоқ деп толып жатқан сылтау бар

Аллаға серік қоспа, сөз айтпа

Намаз оқып, шүкір деуді ұмытпа

Бір Алланың көмегімен

Шайтанның жолын құлыпта

Намазың, оқыған дұғаң керек емес Аллаға

Өйткені Алла мінсіз, мұқтаж емес еш затқа

Барлығы да өзің үшін істейсің

Соны ұқсай, Аллаға мұқтаж сен ғана

31/08/2018

Алланың сынағынан өтіп сыналар

Сынағынан өтсе деймін сыналғандар

Көптің тілеуі қабыл болар Алламен

Тілеңдер шын жүректен осы тойға жиналғандар

20/09/2018

От испытаний я не уйду

И не хочу попасть в беду

Да, простит меня Аллах

Не хочу гореть я в аду

2018

7/10—2018 начал

Аллах- Милосердный, милосерден Он к нам

Верить и поклоняться Мне, выбирай сказал сам

То, что вы делали на этом свете